Ақмола облысында бір мезетте 40-қа жуық көлік соқтығысты (видео)
Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасындағы тас жолда 40-қа жуық көлік соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Жаппай апаттың куәгерлері мен қатысушылары оқиға орнынан видео түсіріп алған. Кадрлардан тас жолда қатты боран соққанын байқауға болады.
"Сағат 13:30-да Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты 40-қа жуық көлік соқтығысты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында полицейлер жүр", – делінген хабарламада.
Қатты боран салдарынан Астана-Щучинск тас жолы сағат 12:00-ден бастап жабылды.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір мезетте үш педагог қаза тапқаны туралы жазған едік.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"