AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында білім бөлімі 5 млн теңгенің оқу кабинетін 26 млн теңгеден сатып алмақ болған

Ақмола облысында мемлекеттік орган оқу кабинетін көтеріңкі бағамен сатып алмақшы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандарының "Сатып алудың бірыңғай терезесі" веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне жүргізген мониторинг барысында анықталды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл сервис мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдардың сатып алуларының ашықтығы мен айқындығын арттырып қана қоймай, сатып алуды жоспарлау сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимде анықтауға мүмкіндік береді.

"Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың қатарына бағаны көтерудің жүйелілігі жатады, бұл тапсырыс берушінің бюджетін жасанды ұлғайтуды және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауды білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымның сатып алуға жоспарланған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағасын (орташа нарықтық құнмен салыстырғанда) көтеру фактісін анықтаған кезде мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жедел түрде тиісті ден қою хаттары жіберіледі. Өз кезегінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу жоспарын қайта қарайды және түзетеді, не сатып алудың күшін жояды", - деді ведомстводан.

Сондай-ақ, Зеренді ауданының білім бөлімі жалпы сомасы 267,8 млн теңгеге немесе бірлігі үшін 26,7 млн теңгеге 10 оқу кабинетін сатып алуды көздеген.

"Осыған ұқсас тауарларды Көкшетау қаласының білім мекемелері орта есеппен 5-тен 10 миллион теңгеге дейін сатып алмақшы болған. Департаменттің ұсынымдары енгізілгеннен кейін 241 миллион теңге үнемделді", - деп толықтырды ведомстводан.

Осы ретте өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ақмолалықтарды бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау шеңберінде белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр