AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында "Ауыл – ел бесігі" жобасы қалай жүзеге асырылуда

Өңірде ауылдық аумақтарды дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жаңғырту барлық мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде рухани жаңғыру бағдарламасының «Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылда тұруға жайлы жағдай жасау үшін ағымдағы жылы 72 іс-шараны іске асыруға 9 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

асырылуда

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараты бойынша, жобамен 59 ауыл қамтылған, онда білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандары жаңартылып, жөнделуде. Халықты ауыз сумен, электр энергиясымен, көлік инфрақұрылымымен және жылумен қамтамасыз ету салаларында құрылыс, қайта жөндеу, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«17 спорттық-ойын алаңдарын орнату, 155 шақырым кентішілік жолдарды жөндеу, екі мектепке, үш мәдениет үйіне күрделі жөндеу, стадионды реконструкциялау, 70 км сумен жабдықтау желілері, 168 км электрмен жабдықтау желілерінің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство әкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, 2019-2021 жылдары рухани жаңғыру бағдарламасының «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы 100 мыңнан астам тұрғыны бар 35 ауыл қамтылған. 142 жобаны іске асыруға бюджеттен 18,7 млрд.теңге бөлінді. Әлеуметтік саланың 26 нысанына, ТКШ-ның 8 объектісіне, 208 км кентішілік жолдарға, 34 км су құбыры желілеріне, 19 км жылумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізілді, қазандық және екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Жобаларды іске асырудың басты шарттарының бірі жұмыс орындарын құру болып табылады.

Осы жобаларды іске асыру кезінде 1 133 уақытша жұмыс орны құрылды, ал объектілер пайдалануға берілгеннен кейін тағы 48 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін беріп, жалпы ел экономикасына оң әсерін тигізеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр