Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

Биыл Ақмола облысында "Ауыл Аманаты" бағдарламасын іске асыру Ақмола облысына 1,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда несиелендіру жұмыстары жүреді. 

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, осы ретте 265 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 250-ге жуық несие беру жоспарланған. Несиенің орташа мөлшері 4,8 миллион теңгені құрайды

“Биыл 27 маусымда сенім білдірілген агент "Kokshe" ӘКК" АҚ-мен тапсырма шарты жасалды. Бағдарламаны тиімді орындау мақсатында әр ауданда әкімдердің өкімдері және олардың орынбасарларының төрағалығымен жұмыс топтары құрылды, олар сенім білдірілген агенттің қарауына одан әрі жолдау үшін әлеуетті қарыз алушылардың несиелік құжатын іріктеп дайындайды”, – дейді ол. 

Оның сөзінше, "Kokshe" ӘКК" АҚ сенім білдірілген агент ретінде бағдарламаға қатысушыларға белгілі бір шарттармен несие береді.

  • Микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін,
  • мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;
  • микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін (8 625 000 теңге)
  • зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8 мың АЕК-ке дейін (27 600 000 теңге);
  • номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
  • Сондай-ақ кепіл қойылып, ҚР салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу керек. 

Басқармасы басшысының орынбасары маусым айының соңында "Kokshe" ӘКК" АҚ сенім білдірілген агенті үміткерлердің өтінімдерін қабылдауды басталғанын жеткізді.. Бұл бағдарламаға ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары үміткер бола алады.

"Бүгінгі таңда жағдай келесідей: несиеу алу үшін жалпы сомасы 872 миллион теңгеге 139 өтінім түсті. Оның ішінде 348,7 миллион теңге сомасына 56 өтінім бойынша несие мамандарының қорытындысы дайындалуда, 117,5 миллион теңге сомасына 19 өтінім несие комитетімен мақұлданды. Атбасар, Жақсы, Аршалы аудандарында және Біржан сал ауданында жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстарды атап өткім келеді", – дейді Қасым Итқұсов.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің барлық дерлік бағыттары несиелеумен қамтылатын болады. Оның ішінде ет және сүт мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту, картоп пен көкөніс өсіру, техника мен жабдықтар сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы емес бизнестің басқа да түрлері бар.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сандықтау ауданында 4 миллиард теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асып жатқандығын жазған едік.

Талқылау