Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында алтынды заңсыз алып, зергерлік бұйым етіп сатқан топ ұсталды

Ақмола облысында Астана мен Шымкент қалаларына зергерлік алтын бұйымдарды заңсыз сатқандар ұсталды. Деректерге сай олар Бестөбе кентінде заңсыз өндірілген алтындарды алып, зергерлік бұйым жасап сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет pexels-тен

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер арасынан алтынды заңсыз өндіру, сатып алу, өткізу мен одан есепке алынбаған зергерлік бұйымдарды жасау және оларды сату бойынша барлық схема анықталған.

“2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бес күдікті Бестөбе кентінде "қара іздеушілер" заңсыз өндірген және қайта өңдеген алтынды сатып алумен айналысқан. Кейіннен алтын құймалары жолға қойылған арналар арқылы жеткізіліп, жерасты цехтарында белгілі сауда маркаларының есепке алынбаған зергерлік бұйымдары дайындалып, Астана мен Шымкент сауда үйлерінде сатылған.

Тінту барысында 35 млн теңгеден астам сомаға 99,5% алтын бар 1 килограмнан астам алтын құйма және сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйымдар тәркіленді. 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада. 

Қаржылық мониторинг агенттігі бүгінде заісыз әрепкет жасағандардың қылмысын әшкереледі. Қазір іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның 3 қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Талқылау