Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкімдік жүргізушісі оқушыны қағып кетті

Ақмола облысының Аршалы ауданында жол апатынан 14 жастағы жасөспірім қаза болды. Оны облыстық әкімдіктің жүргізушісі соғып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған ақпаратты Аршалы ауданының әкімдігіндегілер растады.

Әкімдіктің мәліметінше, апат 22 қараша күні сағат 19.00-де болған. Daewoo Nexia-ның 27 жастағы жүргізушісі Аршалы кентінен шыққан кезде жолда келе жатқан жасөспірімді қағып кеткен, куәгерлердің айтуы бойынша, ол өзі тиеуші болып жұмыс істеген темір прокаттан қайтып келе жатқан.

"Аршалы ауылынан бес шақырым қашықтықта орналасқан Ижевское ауылында тұратын жүргізушінің түсініктемесіне сәйкес, ол кешкі сағат 07.30-да (такси қызметі қазіргі уақытта жұмыс істемейді) аудандық құрылыс бөлімі басшысының апта сайынғы селекторлық кеңеске қатысуын қамтамасыз ету үшін гараждан қызметтік автокөлікті алып кеткен. Қараңғыда жолда келе жатып, қарама-қарсы автомобильдің жарығынан көзі көрмей, автожолмен жүріп келе жатқан адамдарды байқамаған. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сараптама тағайындалды. Жаңадан ашылған фактілер бойынша қосымша хабарланаады", - деді аудан әкімдігінде.

Ақмола полицейлері жасөспірімнің өліміне қатысты істі тергеуде.

"Қазіргі кезде, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау бағытында тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге деректер тергеу мүддесіне орай жарияланбайды", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінде.

Талқылау