Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ағалы-інілі азаматтар өзенге батып кетті

Ақмола облысында өзен жағасына демалуға келген ағайынды екі жігіт суға кетті. Ағалы-інілі қос азаматтың киім-кешегін туыстары жағадан тауып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

Петровка ауылында тұратын 29 және 31 жастағы екі ағайынды өзенге шомылуға барған. Өздерімен тамақ, арақ та ала келіпті. Бірақ олардың ауыл іргесіндегі Жабай өзенініне кеткенін ешкім білмеген. Сол күні үйіне оралмаған балаларын әкесі таңертең іздей бастайды. Балаларын ауыл ішінен таппаған ол өзен бойына барған. Сол жерден жағада жатқан екі ұлының киім- кешегін тауып алған. Көкшетаудан  сүңгуірлер шақыртылып, қос жігіттің мәйіті су түбінен табылды. 

“Екеуінің денесін өзенде екі метр тереңдікте, жағалаудан 12 метр қашықтан сүңгуірлер алып шықты. Олар арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды”, – деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Гүлдана Қазтай
Сәрсенбі, 30 Маусым, 2021 07:18
Талқылау