Ақмола облысында Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Өңірде қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар жалғасуда.

Бүгін «Абай тұлғасы: ұлттық руханият және әлемдік өркениет» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті. Конференцияға алыс және жақын шетел ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерінің, отандық филолог- ғалымдардың, тарихшылардың, философтардың, жас зерттеушілердің, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара қатысушыларға облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.

«Қазақ ақыны және философы Абай Құнанбаевтың мұрасы әлемдік мәдениет қазынасының ажырамас бөлігі болып табылады, ал оның есімі қазіргі заманның ұлы ақындарымен бір қатарда тұр. Абайдың ұлылығы тек оның шығармаларында ғана емес, сонымен бірге ол басқарған өмір салтында, халықты шақырған патриотизмде.

Біздің облыста жыл басынан бері ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау мақсатында бірқатар маңызды және мазмұнды іс-шаралар өткізілуде. Бүгінгі таңда көптеген түрлі форматтағы іс - шаралар-конференциялар, челледждер, конкурстар, көрме - дәрістер, әдеби кештер, онкүндіктер және тағы басқалар өткізілді», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Конференцияда Абай мұрасы мен қазақтың бірегейлігіне қосқан үлесі, ақынның рухани-адамгершілік құндылықтары, әлемдік әдебиеттегі рөлі туралы Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті саяси ғылымдар факультеті халықаралық қатынастар бөлімінің Түркі әлемі институтының директоры Мерием Хаким, М.Тореза атындағы Мәскеу мемлекеттік лингвистика университетінің ТМД мен жақын елдерінің шетел тілдері және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Женишкуль Хулхачиева, ОШ мемлекеттік университетінің доценті, «Жетіген» мектеп-лицейінің директоры Киялбек Акматов және басқалар мазмұнды баяндама жасады.

Конференция соңында тақырыптық секциялық сабақтар өткізілді.

Айта кетейік,  Ақмола облысында 150-ден астам көшеге, мектептерге, елді мекендерге Абай есімі берілген.

Жақында ақынның есімі қазақ тілінде оқытатын дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына берілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр