Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 99 жастағы кейуана коронавирус жұқтырды

Ақмола облысында коронавирусқа шалдыққандардың жайы белгілі болды. Аурудың жұқтырған 13 науқастың арасында 99 жастағы аймақ тұрғыны да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әжей

"Жаңадан тіркелген 13 науқастың ауруға шалдыққаны расталды. Барлығы да атаулы әлеуметтік төлем иегенрлері. Ең үлкенінің жасы 99-да. Бұған дейін науқастармен байланыста болған қызметкерлерден сынама алынған болатын. Барлығы 216 адам анықталған. 34 адамның вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Оның арасында 1963 жылғы орталық қызметкері бар", - делінген ресми хабарламада. 

Науқастардың барлығы 2 сәуір күні көз жұмған 1947 жылғы ер азаматпен байланыста болғандар. 

Бұған дейін Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелгені айтылған болатын.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 09 Сәуір, 2020 11:17
Талқылау