Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 700 км-ден астам автожолдарда жөндеу жұмыстары жоспарланған

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

жол

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және көше-жол желісін салуға және жөндеу бойынша 230 жобаны іске асыру жоспарлануда, биыл 180 жоба аяқталады.

"Биыл 700 шақырымнан астам облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды және елді мекендердің көше-жол желісін жөндеу жоспарланған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 82%-ға дейін арттырамыз", – деді аймақ басшысы.

Ермек Маржықпаев өз баяндамасында соңғы үш жылда облыста 1 300 км-ден астам жергілікті жолдар салынды және жөнделді, оның ішінде 800 км ауылдық жерлерде.

Айта кетейік, Ақмола облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 8 мың км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2,3 мың км, облыстық – 2,7 мың км және аудандық – 3 мың км.

Дидар Халық
Жұма, 18 Маусым, 2021 12:15
Талқылау