Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығын 5 миллиард теңге: Ақмола облысында 450 адамға заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Ақмола облысында 450 тұлғаға заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Бас прокуратураның мәліметінше, өткен жылдың сәуір айында Зеренді ауданының прокуроры аудан халқымен кездесу барысында, белгісіз тұлғалардың әлеуметтік осал топқа жататын аудан тұрғындарының атына ақшалай несие рәсімдегенін анықтаған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 2024 жылдың қараша айында алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері алдау жолымен екінші деңгейлі банктерден қаражат жымқырғаны әшкереленді. Топ мүшелерінің әр қатысушының рөлдері, міндеттері және әрекеттері нақты бөлінген. Алаяқтар 450 тұлғаға қатысты 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімдеген”, – делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

 

Талқылау