AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 32 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті

Ақмола облысында жоғалып кеткен 32 жастағы Динара Рахимова іздестірілуде. Оның жоғалғаны туралы күйеуі полицияға арызданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

27 қазан күні Біржан сал ауданының полиция бөліміне 35 жастағы Үлгі ауылының тұрғыны арызданды. Ол 32 жастағы әйелі Динара Рахимованы табуға көмек сұраған. Ол әйелі түстен кейін үйінен шығып, қайтып оралмағанын түсіндірді.

Полиция жедел-іздестіру шараларын бастады, үй-жайларды, қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды қарап шықты. Бейнебақылау камералары да зерттелді. Анықталғандай, Динара Рахимова Степняк-Щучинск тас жолымен сағат 16.20-да шығып, Щучинскке қарай бет алған.

Жас әйелдің сырт белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі толықтау, шашы орташа ұзындықта, көзі қара, тік мұрынды. Жоғалған күні үстінде ақ түймелері бар көк күрте, қара шалбар, сұр қалпақ, қара кроссовка болған.

Жоғалған әйелдің қайда екені туралы мәлімет білетіндер 8 (716-39) 2-10-02, 2-17-38, 2-15-33 немесе 102 телефоннөмірлеріне хабарласа алады.

Полиция сонымен қатар бір аптадан бері полицейлер Қазақстанның астанасы іргесіндегі Қосшы қаласының із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғыны Сандуғаш Бекішеваны іздестіріп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр