Ақмола облысында қызғаныштан екі әйел 18 жасар қызды кафеде сабап тастаған

Көкшетаулық жедел уәкілдер қызғаныштан жас қызды ұрып-соққан екі әйелді анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2021 жылы 17 сәуірде Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 18 жастағы жергілікті тұрғыннан 15 сәуірде сағат 20.30 шамасында кафелердің бірінде белгісіз әйелдер оған дене жарақатын салғаны туралы арыз түскен.

Жауап алу барысында жәбірленуші құрбысының туған күнін кафеде атап өткен екен. Біраз уақыттан кейін олардың жанына бейтаныс ер адамдар келіп, көңіл білдіре бастаған. Кейін жәбірленуші төменге түскенде,  екі әйел себепсізден ұрып-соғып кетеді. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бойжеткендерге тиіскен ер адамдардың 29 және 39 жастағы әйелдерін анықтаған. 

Аталған факті бойынша алдын ала тергеу басталды. Жәбірленушіге дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Дәлелдемелер негізінде процессуалдық шешім қабылданады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр