Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында кәмелетке толмаған жеткіншек мас күйінде бөтен көлікті ұрлап кеткен

Ақмола облысында полицейлер мас күйінде біреудің көлігін айдап кеткен 17 жастағы жеткіншекті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дтп Акмола

Щучинск қаласында Lada Kalina автокөлігінің айдап әкетілгені туралы ақпарат патрульдік полиция батальонының экипаждарына 30 тамызда сағат 02:30 шамасында келіп түскен.

Тәртіп бұзушы полицейлердің тоқтау туралы талаптарына бағынбаған және полициядан жасырынып, “Петропавл – Нұр-Сұлтан” республикалық трассасына шығып, онда облыстық патрульдік полиция батальонының автопатрульдері айдап әкетушіні ұстауға жұмылдырылған.



Полиция жасағы бағдар бойынша берілген автокөлікті байқап, тоқтау туралы белгі бергенімен жүргізуші жылдамдық режимінен асып, өзі үшін де, қозғалыстың басқа да қатысушылары үшін де қауіп тудыра отырып, қозғалысты жалғастырған. Көлікті басқара алмаған жеткіншек брусқа соғылып, емдеу мекемесіне жеткізілді. Дене жарақаты жоқ, тек орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Талқылау