Ақмола облысында 10 индустриялық жоба іске қосылады
Индустрияландыру картасы шеңберінде жобаларды іске асыру дәстүрлі аграрлық бағыттан агро-индустриялық бағытқа біртіндеп көшуге мүмкіндік берді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі өңір экономикасының жалпы құрылымында 25% жетті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Биыл кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 1,9 мың жұмыс орнын құрумен 144,8 млрд теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішіндегі ең ірілері Бурабай ауданында өңдеу қуаты жылына 5 млн тонна алтын өндіру фабрикасы, қуаттылығы жылына 25 мың тонна Макинск құс фабрикасының үшінші кезегі және басқалары.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспановтың айтуынша, экономикалық белсенділіктің драйвері инвестициялардың өсуі болып табылады.
"2010 жылдан бастап іске қосылған ИИДМБ жобаларының арқасында облыста бұрын облыс аумағында шығарылмаған жаңа өнім: темірбетон құбырлар, сфералық подшипниктер, сирек кездесетін металдар, кешенді биотыңайтқыштар, алкогольсіз сусындар, биг-бэг типті қаптар, цемент, ауыл шаруашылығы және коммуналдық техника және басқалары өндірісі игерілді" - деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы өңірде Индустрияландыру картасы аясында жалпы инвестиция көлемі 790,1 млрд болатын 9 жоба пайдалануға берілді, аталған кәсіпорындарда 564 жаңа жұмыс орны құрылды.
Олардың қатарында қуаттылығы жылына 5 млн.тонна кен өңдейтін алтын өндіру фабрикасы, қуаттылығы жылына 6 мың тонна құс фабрикасы, қуаты жылына 30 млн дана керамикалық қатардағы кірпіш шығаратын зауыт, қуаты 25 МВт және қуаты 7 МВт 2 жел электр станциясы, қуаты жылына 700 бірлікке дейін тракторлар құрастыруды ұйымдастыру, картоп өңдеу фабрикасы, шұжық өнімдерін өндіру кешені, бие сүтін қайта өңдеу кешені және қымыз дайындау сияқты жобалар бар.
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері Кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындар 2021 жылы өндірілген өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінің 55,1%, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 60,5% өндірді.
Айта кетейік, жалпы, облыста 2010 жылдан бастап 428,8 млрд теңгеге 110 астам жоба жүзеге асырылды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
