Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысына қарасты аудан әкімдері инвестициялық жобаларын таныстырды

Қазақстан Республикасының Президентімен 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін ЖІӨ-ге 30% дейін жеткізу бойынша қойылған міндетті орындау мақсатында, ағымдағы жылғы 7-9 сәуір аралығында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен  облыс өңірлерінің 15 әкімі тыңдалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлер әкімдері инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Облыс өңірлерімен ұсынылған жобалар қаралды. Олардың ішінде Ақсу өнеркәсіптік алаңында жылдық өнімділігі 5 млн. тонна құрамында алтын бар кенді өңдеу жөніндегі алтын өндіру фабрикасының, Ақкөл, Атбасар және Целиноград аудандарындағы сүт-тауар фермаларының, Целиноград ауданындағы 5000 килограмм бекіре уылдырығының өнімділігімен УЗВ-фермасының, Атбасар ауданындағы жылыжай кешенінің, Бұланды ауданындағы қуаты 100 мың тонна бройлер құс фабрикасының 3-кезегінің, Ерейментау ауданындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясының, Бурабай ауданындағы туристік кешеннің, Целиноград ауданындағы ветеринарияға арналған дәрі-дәрмек өндіретін зауыттың құрылысы және т.б.

Жобалардың өзектілігі, іске асыру кезеңдері, құжаттаманың дайындығы және ұсынылған әрбір инвестициялық жобалардың бойынша проблемалық мәселелер талқыланып, жеке бақылауға алынды. Ұсынылған инвестициялық жобалар облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсер етеді.

Бұл жобаларды іске асыру шамамен 2 300 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, облыстың инвестициялық портфелі 2025 жылға дейін 1,8 трлн. теңге инвестиция көлемімен 234 жобадан тұрады.

Тыңдау қорытындысы бойынша облыс әкімі Е.Маржықпаев ауыл шаруашылығында, өнеркәсіп секторында жаңа өндірістер құру және туризмді дамыту бойынша міндеттер қойды, инвесторларды тарту, көмек көрсету және дербес сүйемелдеу бойынша жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берді.

Осы форматтағы кеңестерді тұрақты негізде өткізу жоспарланып отыр.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 20 Сәуір, 2021 12:35
Талқылау