Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы жолдарды жақсартуда айтарлықтай жетістіктерге жетті

Ақмола облысында жол саласында үлкен көлемді жұмыс жүргізілуде. Жергілікті маңызы бар автожолдар облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен аудандарда жөнделеді. 

Ақмола облысы әкімдігінің дерегінше, өткен жылдағыдай, мың шақырымға жуық жол желісін жөндеуді жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының жергілікті жолдар желісін дамыту жөніндегі басым міндетін ескере отырып, биыл бұл мақсаттарға 70 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 

Жергілікті маңызы бар автожолдарды салу және жөндеу бойынша 200-ден астам жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде "Жалтыр-Макинск" автожолына көпір салу, "Щучинск-Степняк-Уәлиханов", "Астана қаласының Шығыс айналма жолы - Сарыоба станциясы", "Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлаксай", "Петровка-Ұлан-Мариновка", "Жалтыр-Макинск", "Щучинск-Николаевка", "Бурабай-Қатаркөл", "Қорғалжын-Арықты-Сабынды", "Жақсы-Державинск", "Есіл-Свободное-Раздольное", "Жолымбет-Шортанды-Пригородное" және т. б. автожолдардың учаскелерін күрделі және орташа жөндеу сияқты ірі жобалар бар.       

Ақмола облысы жолдарды жақсартуда айтарлықтай жетістерге қол жеткізді. Мысалы, егер жеті жылдық кезеңді салыстыруға алсақ, онда өсім 6 еседен асады. 

Айта кетейік, Ақмола облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 5 626 км.

Талқылау