Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы тұрғындары үйлерінің маңындағы цехте адам мәйітінің қалдықтарын өртейді деп шу көтерді

Елорда іргесіндегі 96 разъезд тұрғындары өз үйлерінің жанындағы медициналық қалдықтарды жоюға арналған цехтың жұмысына қарсы. Өйткені, ол жерден шыққан түтіннен демалу мүмкін емес дейді. Жеке кәсіпкермен 4 жылдан бері күресіп келе жатқан жұрттың шыдамы әбден таусылыпты.

Ақмола облысы тұрғындары үйлерінің маңындағы цехта адам мәйітінің қалдықтарын өртейді деп шу көтерді

Нұр-Сұлтанның барлық медициналық мекемелерінен шыққан қоқыс осында төгіледі екен. Тіпті, әлеумет адам қалдықтары сол маңдағы қаңғыған ит-мысықтардың жемтігіне айналуда деп дабыл қағып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Медициналық қалдықтарды өртейтін жер жекенің меншігінде болғандықтан бізді мұнда камерамен кіргізген жоқ. Байқағанымыздай қоршаудың арғы жағындағы медициналық қалдықтар бірнеше күн өртелмегендіктен тау болып үйіліп жатыр. Ал, тұрғындардың сөзінше бұл жерде 4 бірдей пеш бар. Оның күндіз тек біреуі жұмыс істейді. Ал, түнде жұмыс қыза түседі.

Жұрт арасында "96 разъезд" аталып кеткен елі мекендегі медициналық қалдықтарды жоятын цехтан тұрғындар әбден мезі болған. Шыдамы тауысылып кеше ауылға кіреберіс жолды жауып, қоқыс тиелген көлікті ұстап, ішінде не барын білмек болыпты.

Төрт бірдей мұржасы бар бұл цехтан шыққан қою қара түтін ауылдың барлық жерінен көрінеді. Жел тұрса айналаға тарап, иісінен жүректері айниды екен. Оның үстіне айналаға шашылған шприцтермен балалар ойнап жүрген көрінеді.

«СЭС-тен келді, тек 120 кг жағады дейді. Кеше біз өзіміз100 шақты кісі арнайы газельді тоқтатып, ашқызып, шопырға айттық. Ол қорыққанынан ашты. Пакет, контейнер болса жарайды, кәдімгі қоқыс қапқа салған қан шығып жатыр. Ал, егер пакет жыртылса не болды?", - деді тұрғын Қайырхан Рамазанов. 

Кейде елорданың медициналық мекемелерінен келген қалдықтың көптігінен жоятын цех күні-түні жұмыс істейді екен. Тіпті, айналада толып жүрген ит-құстар адамның дене мүшелерімен қоректеніп жүр дейді тұрғындар.   

"Бұл медициналық қалдықтарды барлығы адам өміріне зиян. Көп тұрғындар түрлі аллергиялық ауруларды жұқтырып жатыр. Жақында ауыл шетіне адамның қалдықтарын жабайы иттер сүйреп алып келді деп естідік. Цех қожайыны қандай заттарды өртейтінін ашып айтпай жатыр. Бұл жер жабылғанын қалаймыз". - деді тұрғын Виталий Бадло. 

Ал, осы цехтың өкілі болса жұрттың бұл айтқанымен мүлде келіспейді. Өздерінің тек медциналық қалдықтарды жоюмен айналысатынын айтып ақталып бақты. 

"Ия, өртейміз. Алып келген заттарды, қалдықтарды бәрін уақытылы жабу керекпіз. Оны тоқтатып қоя алмаймыз. Енді, түнде тоқтата алмаймыз. Түнде бізге жұмыс істеу керек. Бәрі өтірік сөз. Ондай ешқандай келмейді. Біздің өзіміздің аурханамен келісіміміз бар. Класс "Б" и "В" ол биоқалдықтарр ондай классқа жатпайды. Біздің жағатынымыз памперс, халат, дәкі сондайлар", - деді медциналық қалдықтарды өртейтін цех өндірісінің басшысы Ришат Сатамбков.    

Бұл Ыбырай Алтынсарин ауылының мәселесімен экологтар да жақсы таныс екен. Тіпті, медициналық қалдықтар өртелген күннің өзінде одан бөлініп шыққан қалдықтарды да көму керек дейді. Өйтпеген жағдайда адам денсаулығына зиян әкелмей қоймайды екен.  

"Зауытқа келді ма өз ретімен жойылды ма, содан кейін оның күл-қоқысын барып біздер көмуіміз керек. Ал, көмгенде арнайы жер болуы керек. Ол могильник дейді ғой арнайы жасақталған, бетондалған. Ол жерден айталық суменен, жерге сіңбейтіндей жағдайды жасауымыз керек. Әйтпесе оның барлығы небір аурулармен қайтыс болған адамдардың мүшелері ғой. Жасыратыны жоқ", - деді Экологиялық Альянс мүшесі Төлеген Қуанышев. 

Қалдықтарды жоятын цехтың өкілдері енді түнде заттарды өртемейміз деп уәде берді. Бірақ ашынған жұрт адам денсаулығына зиян келтіретін мұндай орынды жаппай тынбаймыз деп құзырлы органдарға шағым түсірмек ниетте. 

Талқылау