Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы көшелердің 84%-ы қазақ тілінде - Мәдениет бөлімі

Ақмола облысы Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Баян Айтпаева Тілдер күні аясында қалада ұйымдастырылған шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Баян Айтпаева

Баян Ермекқызының сөзінше, қалада кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен бірге түрлі шаралар өткізілген. 

"Осы жылғы Тіл апталығының ерекшелігі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен қатар келуінде. Онкүндік аясында ұйымдастырылған іс-шараларға жастар мен қариялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, емхана мамандары да белсене қатысты. Барлығы қала бойынша 200-ден астам шара өтті", – деді Баян Айтпаева. 

Тілдер күні аясында Степногорск қаласында балалар арасындағы жаңылташ сайысы мен эссе жазу жарыстары өткен.

"Біздің қала оқу-әдістемелік орталық бар және мұнда 240-қа жуық қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгереді. Ал мұғалімдер тек білім берумен ғана айналыспай, тіл туралы шараларға атсалысты", - деді ол. 

Степногорск қаласына қарасты 5 ауыл мен 4 кент бар. Баян Айтпаеваның сөзінше, 1 кент пен 1 ауылдың атауы, әзірге, орыс тілінде екен. 

"Барлығы 189 көше бер. Оның 159-ы немесе 84%-ның атауы қазақ тілінде. Тек соңғы 2 жылда 79 көшенің атауы өзгертілді. Мәселен, Лунный проспект қаласы қазір Тәуелсіздік алаңы деп аталады. Ал ономастика саласы бойынша жұмыс тобы әр апта сайын отырыс өткізіп, 2020-2025 жылға арналған жол картасы бағдарламасын талқылайды және келіп түскен ұсыныс-арыздарды қарастырады", – деп түсіндірді бөлім басшысы. 

Баян Айтпаева 2022 жылы Степногорск қаласында 5 көшенің атауын қазақшалау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 

Талқылау