Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуі бойынша 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлiк белдiгiнiң аясында жалпы сомасы 47 млрд. теңгеге 41 жоба жоспарланған. Бұл туралы облыс әкiмдiгiнiң отырысында облыстық экономика басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Инвестициялық жобалардың ішіне 4 мал бордақылау алаңдары мен асыл тұқымды репродукторларды салу, 8 сүт мал шаруашылығы, 12 еттi мал шаруашылығы, 6 ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу, 5 астық қоймасы мен картоп қоймасын салу, 2 құс шаруашылығын дамыту, 2 балық өсiру, 2 — суару жүйесiн құру сынды жобарлар кіреді. 

"Бүгiнде жалпы соммасы 3,6 млн. теңгені құрайтын 22 жоба iске асырылды. Сонымен қатар облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 85,4 мың тонна сүт өнiмдерi, 17,2 мың тонна ет өнiмдерi, 184,2 млн. дана жұмыртқа жеткiзiлд",- деп мәлiмдедi Қанат Дүзелбаев.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жоспарланған мерзiмге сәйкес азық-түлiк белдеуi аясында жобаларды iске қосу бойынша жұмысты жалғастыруды және мал басы мен ет, сүт өндiрiсiнiң өсiмiн сақтауды тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр