Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді

Ақмола облысы коронавирусқа қатысты жағдай бойынша "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растады.

"Қызыл аймақта Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары орналасқан. Бірақ бұл бүгін, ертең бәрі өзгеруі мүмкін", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта. Қалған аймақтар "жасыл" аймақта.

Талқылау