Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы сотталды

Көкшетауда Ақмола облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Айтбаев сотталды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке 1,5 миллион теңгеден астам залал келтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Көкшетау соты полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды. "И." есімді азамат қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. "А." пара алуға әрекеттенгені үшін (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 2-бөлігі) кінәлі деп танылып, полиция полковнигі арнаулы атағынан айыра отырып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екі жыл екі айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айыптау қорытындысына сәйкес, офицер "А.” іссапарға шықпаса да ақша алған. Сондай-ақ "А.” заңсыз материалдық өтемақы алды деген күдікке ілінді. Екінші сотталушы "И" өз өкілеттігін асыра пайдалана отырып "А." ісіне көмектесті деп айыпталды.

Сотта анықталғандай, қызметкерлер іс жүзінде іссапарға шықпай, ақшаны басқа тұлғаға аударып, оны букмекерлік кеңседе бәс тігуге пайдаланған. Алайда сот процесіне қатысушылар алдын ала тергеу кезінде бұл туралы ештеңе айтпаған. "А." есімді азаматтың іссапар шығындарын игеруге қатысы расталмады, сондықтан ол ақталып шықты.

Сонымен бірге "А.” кәсіпкерден сыйақы алмақ болған, бірақ құқық қорғау органдары оның әрекетіне тосқауыл қойған. "А."-ның әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағынан (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 24-бабының 3-бөлігіне, 366-бабының 2-бөлігіне (пара алуға оқталу) қайта сараланды. 

Алайда сотқа "И." мен "А." есімді азаматтардың  материалдық сыйақы алу үшін сөз байласқандары туралы сенімді дәлелдер болмағандықтан кінәсіз деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік департаменті және Облыстық полиция департаментіне қатысты сот қол астындағы қызметкерлерге тиісті бақылаудың жоқтығы, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға әкеп соқтырғаны, куәлардың көрінеу жалған айғақ беруі және мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуы туралы жеке қаулылар шығарды. 
 

Талқылау