AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ұсталды

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ақмола облысы "Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу жүргізілуде. Ол өзінің қызметін пайдаланып облыс кәсіпкерлерінен ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.

14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз. Ол кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдағаны және ақшаны уақытында аударғаны үшін миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр