Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы әкімдігінің қызметкерлері 700 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлімі басшыларына 700 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында қаржы мониторингі комитеті лауазымды тұлғалардың бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында 700 миллион теңге сомасына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қосалқы станция салу кезінде Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлімінің басшылары бастаған бір топ адам ұсталды", - деді ведомствода.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау