Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы Қорғалжын ауданында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай 100 шара ұйымдастырылған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнәр Сыздықова өңірдегі мемлекеттік тілдің қолданысын талдады. Баяндама барысында  аудандағы 95 көшенің 91-і қазақша атауда екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бөлім басшысы аудандағы білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің жоғары орында тұрғанын жеткізді.

“Ауданда 15 мектеп бар. Оның ішінде 10 мектеп тек мемлекеттік тілде білім береді. 5 мектеп аралас тілде, яғни орыс және қазақ тілінде оқытады. Мектептерде білім алып жатқан оқушылардың жалпы саны 2013. Олардың ішінде мемлекеттік тілде білім алып жатқандар саны 88,4%-ды құрап отыр. Аудандағы колледждің өзі қазақ тілінде оқытады”,- деді Гүлнәр Сыздықова.

Маман тілдер мерекесіне орай 5-16 қыркүйек аралығында онкүндік жарияланып, жоспар құрылғанын атап өтті.

“Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес биыл баршамыз Алаш қозғалысының қайраткері, тіл үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын тілдер мерекесімен қатар атап өтудеміз. Жоспарға сәйкес 100-ге жуық шара атап өтілді”,- деді бөлім басшысы.

Сөз соңында Гүлнәр Сыздықова аудандағы 95 көшенің 91-і қазақ тілінде аталатынын айтты.

“Төрт көше Максим Горкий, Керпичный, 8 марта, 9 май көшелерін қайта атау жұмыстары жүргізіледі”,- деп қорытты маман.

Талқылау