Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола мен Қостанай облыстарына алғашқы қар жауды

27 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысы мен Ақмола облысына алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер бұған дейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын қарға ұласуы мүмкін екенін ескертсе де, алғашқы жауын-шашын Қостанай облысының автокөлік жүргізушілері үшін күтпеген жағдай болды.

Әлеуметтік желілерде жауған қардың видеосы тарады. 

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы жолдар дирекциясының бас инженері Қанат Сәдуақасовтың айтуынша, бүгін Бурабайға жақын жерде қар жауған. Бірақ арнайы техника жолды тазартып қойды.

"Ұзындығы 60 шақырым болатын жол учаскесінде, нақты айтсақ, 170-ші шақырымнан бастап 231-ге дейінгі жерде қар жауған. Қазіргі кезде 7 техника жұмыс істеп жатыр. Жолды қардан тазалап қойды, шетінде қар жатыр. Бірақ жол апаты тіркелмеген. Кішігірім жағдай ғана болды. Көктайғақ жоқ", – деді Сәдуақасов. 

"Қазгидромет" РМК 28 қыркүйекте Нұр-Сұлтанға алғашқы қар жаууы мүмкін деп болжады. 

"28 қыркүйекте ауа райы бұлтты болады, түнде жауын-шашын мен қар, күндіз жаңбыр мен жел болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 1-3 градусқа төмендейді, күндіз 8-10 градусқа дейін көтеріледі", – деді мамандар. 


 

Талқылау