Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмарал Науатбек: "Маған алты ай ғана өмірім қалды деді"

Фото: olympic.kz

Париждегі Паралимпиада ойындары алдында қазақстандық спортшыға дәрігерлер денсаулығын қатаң бақылауға алмаса, алты айдан артық өмір сүрмейді деп ескерткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zamandas youtube каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр болжамға қарамастан, ол жаттығуын тоқтатпай, нәтижесінде алтын медаль жеңіп алды.

Науатбектің айтуынша, жарыс алдындағы кезеңде ол Түркияда емделген. Сол жерде дәрігер оның сараптамаларын көріп, қатты таңғалған. Қанындағы қант мөлшері үш-төрт ай бойы 30-дан төмен түспеген. Дәрігер 25 жылдық тәжірибесінде мұндай жағдайды алғаш рет көріп отырғанын айтыпты: әдетте мұндай науқастар не комаға түседі, не көз жұмады. Ол Ақмаралдың осындай жағдайда да жаттығуын жалғастырып жүргеніне сенбеген.

Ақмаралға 1 типті қант диабеті диагнозы қойылған. Дәрігердің сөзінен кейін оның айналасындағы адамдар Паралимпиадаға қатысу үмітін үзген. Спортшының айтуынша, анасы: "Алты ай өмірі қалды, енді қандай Олимпиада?" — деген. Соған қарамастан, Ақмарал өз арманына сеніп, татамиге шығатынына күмән келтірмеген.

Олимпиада чемпионы бұл оқиғасын Zamandas YouTube арнасына берген подкастта баяндап берді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 12:07
Талқылау