Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға аман жеткен жолаушылар жолда бірнеше тәулік түнеген

Боран салдарынан жолда қалған жүргізушілер мен жолаушылар елордаға аман жетті. Олардың кейбірі жолда бірнеше тәулік түнеген.

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға аман жеткен жолаушылар жолда бірнеше тәулік түнеген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жолда қалған 150 көлік Нұр-Сұлтанға аман-есен жетті. Олармен бірге полиция мен құтқарушылар жүрді. Аш-жалаңаш, жаураған жолаушылар аман-есен елордаға кірді. Адам құрбан болған жоқ. 

Елорда маңындағы Талапкер, Қажымұқан секілді ауылдардағы қарды тазалаудың өзі қиынға соғуда. Бес күн ішінде мың шақты адам құтқарылды. Оның 36-сы жүкті әйел. Оның бірі ұл, бірі қыз баланы өмірге әкелді. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан барлық бағыттарға жол жабылды

ІІМ хабарлауынша, Ақтөбе, Павлодар облысы жабық. Ақтөбенің Ресей шекарасының маңы жабық, Павлодарда Ресей шекарасының маңы жабық. Қостанай, Ақмола облыстарында жол жабық.  

Талқылау