Ақкенттегі өрт: Тоқаев ерлік көрсеткен азаматтарды марапаттады
Мемлекет басшысының жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталады:
1. Ахметханов Тілеужан – "Expo Masters" ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
- Гюнай Шюкрю – "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі, Алматы қаласы;
- Исмаилов Эльдар – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
- Йерделен Халил – "GASK Construction" ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
- Мамедов Кенан – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
- Романов Вадим – "Frank-Asia" ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.
Еске сала кетейік, Алматыдағы Аққеннт тұрғын-үй кешенінен өрт шыққан болатын. Құтқарушылар келгенге дейін тұрғындар балаларын терезеден лақтырды, тұрғындар өздеріне де жерге қарай секіріп екі адам зардап шекті. Кейін бір әйел көз жұмды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”