Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрт: Тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін пәтерлеріне қайта оралды

Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрттен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар пәтерлеріне қайта оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттен зардап шеккен 96 тұрғын үй аумағының 95-і қалпына келтірілген. Ал 1 пәтердің иесі жөндеу жұмыстарын жүргізуден бас тартқан.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен Төтенше жағдайлар резервінен пәтерлерге косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. Құрылысшы кабельді ауыстыру, есепке алу аспаптарын, кіру, лифт және еден аумақтарын қалпына келтіру жұмыстарын толығымен атқарды", - деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Ғимарат тұрғындарына отбасылардың пәтерлеріне қайтуына орай іс-шара ұйымдастырылды. Аудан әкімі Жәнібек Құлыбаевқа өз өмірін қатерге тігіп, үй тұрғындарын аман алып қалғаны үшін алғыс хат табыс етті.

Пәтерлерге жөндеу жұмыстарын ақаулы акт негізінде "Болашақ құрылыс-S" ЖШС жүргізген. Мердігердің айтуынша, қолда бар бюджет аясында жөндеу жұмыстары басталған. Ғимарат тұрғындары пәтерлер дайын болған уақытта орала бастаған. Көшу процесі 10 қыркүйекте басталған екен.

"Барлық пәтерлерде иіс болды. Мұнда озондау технологиясы қолданылды. Қазір үйлерде таза ауа бар, адамдар қоныстанды, бәрі риза", - деді "Болашақ S Құрылыс" ЖШС жоба жетекшісі Сергей Ковалев.

Еске салсақ, Алматыда "Ақкент" тұрғын үй кешенінен өрт шығып, тұрғындар биік ғимараттың терезесінен секіргені туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға салдарынан бір тұрғын қаза тапты. 

Талқылау