AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімдіктегілер алдап кетті": Жамбыл облысының тұрғындары уәде етілген газдың әлі берілмегенін айтып шағымданды

Жамбыл облысында бес бірдей ауыл тұрғындары әкімдік өкілдері алдап соқты дейді. Айтуларынша, шенеуніктер былтыр көктемде газ құбырын тарту үшін әрбір үйден 200 мың теңге жинап, күзде көгілдір отынның игілігін көресіздер деп уәде еткен. Бірақ уәделі мерзім жақындағанда сылтау айтып, газ берілмеді дейді. Әкімдіктегілер ауыл тұрғындарына қысқа отын қамдап, амалдай тұрыңдар деп басу айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

газ

Көлқайнар округі тұрғындарына әкімдіктегілер қазан айында газ беріледі деп айтқан. Бұл үшін әр үй 140-200 мың теңгеден ақша жинаған. Қазір округке қарасты бес ауылға газ құбыры тартылып қойған. Алайда тұрғындарға газ берілмеген. Сондықтан кейбірі көмір алып, енді бірі ауыл іргесіндегі жиде талдарын кесіп, тасуға мәжбүр екен. 

"Ауыл әкімі келеді. Отырып, бәрін үйіп-төгіп айтады. Алайда сол күйі қалады", - дейді Еңбек ауылының тұрғыны Бектемір Мәделбаев. 

"Орамалымызды аспанға лақтырып, 2020 жылы газ келеді деп қуандық. Былтырдан бері жоқ. Өткен жылы газ құбыры Асадан қалаға қарай тартылды. 2021 беретін шығар дегенбіз, бірақ берілмеді", - дейді Еңбек ауылының тұрғыны Бақытгүл Ниязәлиева. 

"Ауыл маңындағы жиде ағаштарына барып, отын жинаймыз. Күйе-күйе. Үлкен кісі де, жас балада бар. Мына заманда сондай бола ма? Отынды топ-тобымен барып, қолмен әкелеміз", - деп қосты Гүлназ Айнақұлова.  

"Біз Аса ауылдық округінің әкіміне кіре алмаймыз. Барсақ, жиналыста деп шығарып салады. Осы Рахаттың адамдары барса, әкімдіктегілер таниды бізді. Әкім жоқ деп айтады", - дейді Рахат ауылының тұрғыны Мария Нарбекова. 

Жиналған жұртты тыңдауға аудан әкімінің орынбасары келіп, жобаға сәйкес газ 2021 жылы берілуі керектігін растады. Бірақ қаржы жетпей, жұмыс аяқсыз қалған көрінеді.

"Ол үлкен қаражатты қажет етеді. Республикалық бюджеттен бұл 13 елдімекенге 4,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыны ауданның болмаса облыстың бюджеті көтере алмайды. Сол себепті бұл ұзақ мерзімді болған соң осылай созылуда", - деп түсіндірді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков.

Шенеунік былтыр бітпей қалған жұмыстарды толық аяқтау үшін биыл республикалық бюджеттен 383 миллион теңге бөлінді деді. Сондықтан жыл соңына дейін бес ауылға да көгілдір отын беріледі деп уәде берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр