AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімдікке сенбейміз": Алматы қаласының тұрғындары жол мәселесінің 20 жылдан бері шешілмегенін айтып шағымданды

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Үлкен Саз көшесінің тұрғындары жолды өз қаражаттарымен жөндеп жатыр. Себебі ұзақ жылдардан бері шешімін таппаған мәселеден әбден шаршадық дейді. Амалсыздан осылай етуге тура келгенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

жол мәселесі

Мәселе 20 жылдан бері шешілмей келеді екен.  Айтуларынша, жылда азын-аулақ қаражат жинап, өз күштерімен көше жолдарын тегістейді.  Себебі балалар мектепке бару үшін таудан аққан ағын судың үстіндегі жармен жүруге мәжбүр екен.

"Әкімдіктен ешқандай пайда жоқ. Шақырады, келеді, көреді, жасаймыз дейді, бірақ ештеңе жасамайды. Жол шетінде арық бар. Ол да неше рет құлады.  Қыста үлкен кісілер тайып кетіп, аяқтарын сындырған да кездер болған", – дейді Қаскелең қаласының тұрғыны Гүлмира Қожалимова.

Көшелерге әлі күнге дейін арық жүйесі де жүргізілмеген. Жаңбыр жауса, үйдің ауласын су басады дейді тұрғындар.  Асфальт төселмеген соң, жол қанша тегістелсе де, ойыла береді.   

"Менің төрт немерем бар, үшеуі мектепке барады. Такси жалдаймын. Такси де келмейді, жол нашар деп түсіріп кетеді. Біз шаршадық. Жол салып берсін", – деп қосты тағы бір тұрғын Әсия Алланиязова.  

Сондай-ақ тұрғындар ауладағы қоқысты да жауаптылар уақытында алып кетпейтінін айтады. Бұл түйткілді мәселенің де түйіні тарқатылса дейді. 

"Бір бала арыққа құлап, мерт болған. Арықты каздык, оны басқалары қазбай қойды. Әкім келіп, бір көмектеспейді. Оған қоса бізде мектеп пен балабақша да жоқ", – деді тұрғын Айгүл Жанұзақова. 

Ал әкімдіктегілер жол жөндеу жұмыстары жоспармен жүргізіліп жатқанын айтады.  Арық пен жарықтандыру мәселесі де келер жылы шешіледі деді.     

"Қаскелең қаласы бойынша бірнеше көшелерге жобалық-сметалық құжаттамалар жасалған. Оның ішінде сіз атап отырған Үлкен Саз көшесі де бар. Сонымен қатар жалғыз жол жөндеу емес, жол бойындағы арықтарды жөндеу де осы жұмыстардың ішіне кіреді", – деп мәлімдеді Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары Гүлнәр Молдамсейітова. 

Қаскелең қаласында 367 көше бар. Жоспарға сәйкес биыл соның біреуі ғана жөнделеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр