AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімдік жерімізбен қоса үйімізді де тартып алмақ": Таразда жерін даулаған тұрғындар бас көтерді 

Таразда наразы тұрғындар әкімдік алдына жиналды. Олар жерлерімен қоса үйінен де айырылып қалуы мүмкін екенін айтады. Шөлдала ауылы қала құрамына он жыл бұрын өткен. Алайда әлі күнге дейін жер телімдерін рәсімдей алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айбат" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

тараз

Тараз маңындағы Шөлдала мен Құмшағал ауылдарының маңында тұратын халық жер телімін саяжай мәртебесінен тұрғын үй алқабына ауыстыра алмай жүр. 

"Жерім 10 сотық, үйім екі бөлмелі. Көмек көрсетудің орнына бізге қоқан-лоқы көрсетіп отыр. Біз кімге барамыз сонда?", – дейді Тараз тұрғыны Зағипа Төлегенова.

Саяжайда барлығы 5 000-ға жуық жер телімі бар екен. Оның 150-ге жуығы телімді құжатсыз, тек саяжай кітапшасы арқылы қолданып келген. Ал 400-ге жуық жер телімінің иесі хабарсыз кетіп, жер қараусыз қалған. 

Әкімдік мұндай жер телімдерінің инфрақұрылымды дамытуға кедергі келтіріп отырғанын айтады. Сонымен қатар тұрғындарға жер құжаттамасының қайта қаралуынан қорқудың керегі жоқ екенін мәлімдеді. Ол жер телімін кооперативтен тұрғын үй алқабына ауыстырғанда жүретін заңды процесс екенін де қосып өтті. 

"Қаланың әкімі ретінде қазір комиссия құрамын. Егер үй 10 жыл бұрын, яғни қала құрамына қосылмай тұрып салынса, құжаттарды заңдастыруға көмектесеміз. Бұл мәселені жеке қараймыз. Мұнда үрейленетін ештеңе жоқ", –  деп мәлімдеді Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев. 

Азаматтық кодекстің 240-бабына сәйкес мүліктің меншік иесі болып табылмайтын тұлға бұл жерге 5-7 жыл көлемінде адал қараса, мүлікке қожайын құқығын ала алады. Демек тұрғындардың өз жерлерін заңдастыруға әлі де мүмкіндіктері бар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр