AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімдік шығып отыр да қайыр тіле деді": Көшеде алақан жайғандардың саны не себепті күрт өскен?

Мешіт алдында алақан жайып, көшеде қайыр тілейтіндер көбіне мүгедек жандар мен әйел адамдар. Алақан жаюға тіпті кішкентай балаларымен шығатындар да бар. Әсіресе, Рамазан айында жомарт жандардан көмек сұрайтындар көбейе түседі. Қалалық әкімдік мұндай жандарға қандай көмек береді? 

Алматы тұрғыны Жұмагүл Замзаеваның мешіт алдында қайырымды жандардан көмек сұрап жүргеніне 6 жылдан асқан. Қарт ана мұндай қадамға жұмысынан айырылып, жолдасы төсек тартып қалған соң барғанын айтады. Күніне 3 мың теңгеге жуық ақша жиналады деген кейуана жеті баланы жалғыз өзі қайыр тілеп асырап отыр екен. Зейнеткер Алла үйінің алдында күнделікті күндізгі 12-ден түнгі 11-ге дейін отырады. Жұма күні мешітте адам көп болатындықтан ертерек келіп, орын алуға тырысамын дейді. Ал шененуіктер бірден көмек болмайды деген.

“Акиматқа барып едім, акимат “Біз саған көмектесе алмаймыз, бізде ақша жоқ, үй жоқ, ештеңе жоқ, қол астымызда. Мына мешітте отыр ғой қайыршылар, шығып отыр да қайыр тіле” деді, – дейді зейнеткер Жұмагүл Замзаева.

Құлшылық жасайтын орындардың алды қайыр тілеген адамға толы. Арасында арбаға таңылғандары мен қолдарына кішкентай балаларын ұстағандар көп. Дені әйел адамдар.

Түскі ас пен кешкі астарын да арнайы дорбаға салып алып келеді екен. Өйткені, орнынан алыстап кетсе айырылып қалады. Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағылар, қайыр тілеп жүрген жалғызбасты көп балалы аналарға балаларын балабақша мен мектепке орналастыруға және өзіне жұмыс табуға көмектесуге ғана қауқарлы екен.

“Мұқтаж кісілерге біз киім-кешекпен көмектесе аламыз деп шығады. Азық-түлікпен көмектесе аламыз деп. Енді, әр отбасыдағы, әр кісінің, әр азаматтың мұқтажына байланысты әртүрлі біздің үкміеттік емес ұйымдар бар. Сол кісілермен біріге біз көмектесуге тырысамыз”, – дейді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Қаратаев.

Маманның сөзінше, бүгінде Алматыда жұмыссыздар саны 53 мың адам. Бұл ресми статистика. Ал, әр жұма сайын қаладағы мешіттердің алдында қайыр тілеп, көшеде алақан жайған адамдарға қарағанда жауаптылардың көрсеткішіне күмән туындайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр