Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкім өзім шығарып аламын деді": Ақтөбе облысында шенеунік пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында пара алды деп айыпталған Шалқар ауданының сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасоваға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, Сәдуақасова "Данекер" ЖШС және "АзияСтройПроект777" ЖШС мердігер ұйымдарының басшыларынан ақша талап еткен.

Сотта компания өкілдері пара беруге мәжбүр болғандарын айтты. Ал айыпталушы кінәсін мойындаудан бас тартып, бірнеше рет аудан әкімі Жанболат Жидехановты тергеуге шақыруды сұрады. Әйелдің айтуынша, оны сыбайлас жемқорлыққа әкімнің өзі итермелеген.


11 миллион теңгені мұздатқышта сақтаған: Ақтөбеде медициналық университеттің бұрынғы ректоры пара алғаны үшін айыпталды


“Ол “Қорықпа, ештеңе айтпа, мен өзім шығарып аламын” деді”, – дейді айыпталушы.

Сондай-ақ бұл жазбаны дәлел ретінде ұсынды.

Сот әйелді кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды және мемлекетке 2,25 млн теңге, сондай-ақ оның құрбысының есепшотынан 11,5 млн теңге төлеу міндеті жүктелді.

Сонымен қатар сот жеке қаулы шығарып, ауданы басшылығы тарапынан бақылаудың жоқтығына назар аудару үшін Ақтөбе облысының әкіміне ескерту жасады.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында аудан әкіміне пара алады деген айып тағылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 10 Қазан, 2025 22:52
Талқылау