Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкім мырза, жарық қостырыңыз": Шымкент тұрғындары электр энергиясының жоқтығына наразы

Шымкенттің Қайнар Бұлақ тұрғын алабы тұрғындары жергілікті билік органдарынан сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуді сұрайды. Қазір олар жеке желілерді пайдаланады және халық жарықтың жиі сөніп қалатынына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

электр жүйеСурет: 31 арнасы түсірілімінен скриншот

Шымкентте жарық мәселесі көп жылдар бойы шешілмей жатыр. Жергілікті тұрғындар алда суық кезеңдер күтіп тұрғанына алаңдаулы, көпшілігі үйді электр қуатымен жұмыс істейтін пештермен жылытады.

Шымкенттіктер сапалы жарықпен қамтамасыз етуді сұрайды. Олар жеке трансформаторлардың қызметтерін пайдаланады. Қоғам өкілдерінің айтуынша, біреуіне тек 50 абонент қосыла алады, бірақ оған 200-ге дейін абонентті тіркеп қойған. Электр сымдары түсіп қалуға сәл-ақ, Қайнарбұлақ тұрғындары тіпті кернеу теледидарды "тартпайды"деп шағымданады.

“Тұрақсыз электр көзінен техникалық жабдықтарымыз да бұзылды. Жарық күн сайын өшіп қалады, мысалы кеше сөнді. Балалар қараңғыда май шаммен сабақ оқуға мәжбүр. Бір киловатт үшін 31 теңге төлейміз, өте қымбат. Электр қуатын жоғалту үшін әлі де төлейміз. Әкімдік мәселені шешеміз дегенімен, соңы аяқсыз қалды” – дейді тұрғындардың бірі.

Тұрғын үй алабының бес мыңға жуық адамы жеке электр энергиясын пайдаланады. 2014 жылы Қайнар Бұлақ Шымкентке қосылғанымен, тұрғындардың айтуынша, қаланың жергілікті органдары көп жағдайда бұл ауданға мән бермейді.

Қайнар Бұлақ тұрғын алабында электр энергиясын өткізуге жобалық-сметалық құжаттама 2019 жылы әзірленді. Жоба құны – 2,6 миллиард теңге. Өткен жылы тіпті мердігерлер де болды, олар ауданда электр қуатын өткізе бастады және тіректерді орнатты, бірақ жұмыс кенеттен тоқтап қалды. Әкімдікте айтылғанындай, аудит кейін компания жұмысында кемшіліктер тауып, сот процестері басталды, жұмыс тоқтатылды. 

“Белгілі бір процедуралардың орындалуына 75 күн керек. Содан кейін мердігер анықталып,  жұмыс басталады. 2023 жылдың тамыз айында  тұрғын үй алабы жарықпен толық қамтамасыз етіледі” – деді Шымкент қаласы Энергетика басқармасының басшысы Шоқан Айдарбек.

Мердігерлер енді қыста жұмыс істей алмайды: жылудың қосылуын тағы күтуге тура келеді.

Талқылау