Орынбасары мас күйінде адам қағып өлтірген: Өскемендік шенеунік министрлікте жаңа қызметке орналасты
Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев жаңа мемлекеттік қызметке орналасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сауда және интеграция министрлігінің сайты хабарлағандай, Қуат Тұмабаев қазір экспортты ілгерілету департаментінің директоры.
Шығыс Қазақстан облысының орталығының экс-әкімімен байланысты атышулы іс өліммен аяқталған жол оқиғасы болған еді. Жол жиегімен өтіп бара жатқан 19 жастағы жаяу жүргінші BMW көлігінің астына түсіп қаза тапты. Көлікті Риддер қаласы әкімінің орынбасары Құрманбаев басқарған.
Жолаушы ретінде (сол кезде) Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болған. Істе ол куәгер деп қаралды. Апаттан бірнеше ай өткен соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімінен қызметінен кетуді сұраған еді. Өйткені оның мұндай жоғары мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ делінді. Әкім осы кеңеспен қызметінен кеткен еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
