Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкім ақтаулықтардан кешірім сұрады": Ақтауда құбыр апатынан тұрғындар жылусыз қалды (видео)

Ақтауда магистральды құбырдың жарылуы салдарынан тұрғындар жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі қала әкімі Ұлықбек Тналиевтің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан алынды

"Бірнеше шағынауданда жылу беруге уақытша шектеулер енгізілді, сабырлық танытып, күтуді сұраймын", - деді қала әкімі.

"Каспий жылу, су арнасы" МКК-ның хабарлауынша, магистральдық жылу құбырында апат орын алып, кейбір шағын аудандарда жылу беру уақытша шектелген. Қала әкімі апат болған жерге барғанын, қазір жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

"Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық 800 мм-лік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда", - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.

Қала басшысы видеода апат болған жерді көрсетіп, уақытша қолайсыздықтар үшін ақтаулықтардан кешірім сұрады. Коммуналдық жұмысшылар бүгін кешке дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Талқылау