"Ақылмен сатып ал": Қазақстанның автокөлік орталықтарындағы интеллектуалды кроссоверлер
Гаогун өндірістік институты ең ақылды 10 үздік Қытай көлігін жариялады. Бірінші орынды қазақстандықтарға Haval брендімен танымал Great Wall Motor компаниясы иеленді.
Нарықты алға жетелейтін нәрсе – бәсекелестік, ал оның нағыз қайнаған ортасы Қытай көлік өндірісінде деп айтуға болады. Себебі Қытай елінде көлік өндірушілердің көп болғаны сондай, әлемдегі ешбір елде мұндай ауқымдағы бәсекелестік жоқ. Мұнда тұтынушының назарын аудартып, қалауына сай көлікті анықтау мақсатында автокөліктің қуатын өлшеу, бағалау, краш-тесттер мен рейтингтер өткізіліп тұрады. Бұдан бөлек, болашаққа бағдар да жасалады, яғни экологиялық тазалығына, технологиялылығы мен жаңашылдығына басымдық беріледі.
Гаогун өндірістік институтының ең ақылды Қытай көліктерінің жаңа рейтингінде бірінші орынды Great Wall Motor компаниясы иеленді. GWM басқа өндірушілерден мүмкіндіктері, интеллектуалды технологияларды ендіру көлемі және "ақылды" автокөліктердің нарықтағы үлесі сияқты параметрлері бойынша өн бойы озық тұр. "Қытай автокөліктері" ақпараттық порталындағы әріптестер өз материалында атап өткендей, "ақылдылық" индексі – бәсекелестіктегі ең жаңа әрі сұраныстағы бағыт, өйткені автокөлік мультимедиалық көмекші әрі штурман бола білуі керек.
Great Wall Motor-дың танымал модельдерінің функцияларын осындай талаптарға сай келеді. Мысалы, үздік модельдердің бірі Haval Jolion жол белгілерін тану жүйелерімен жабдықталған, көру аймағынан тыс аймақтардағы жүріс кедергілерін тіркейді; заманауи жабдықталған датчиктер жолдың сапасына талдау жасап, жайлы жүрісті қамтамасыз етеді; айналаға мониторинг жүргізу жүйесі алда келе жатқан және қарсы жолда келе жатқан көлікпен соқтығысу қаупі туралы ескертеді. сондай-ақ бейімделгіш круиз-бақылау, жолақты қауіпсіз ауыстыру және автоматты түрде тұраққа қою функциялары да бар.
Haval Motor Kazakhstan директоры Ақылбек Анарбаев ("Астана Моторс" еншілес компаниясы) көліктің интеллектуалды жүйесін: "Шаршаған кезіңіздегі сақтық, бір минут болсын алаңдап кетуден сақтандыру, нақты уақыт режимінде жол жағдайын бағалау. Жол жүргенде аз күйзеліп, көп рахат алу!" – деп сипаттады.
Haval Jolion бағасы 11, 9 млн теңгеден басталады! Ақылды Jolion-ның IQ-ын Haval дилерлік орталықтарында өзіңіз тексере аласыз: тест-драйвқа арналған көліктер – өз сыншыларын, ал Great Wall Motor зауытынан шыққан жаңа көліктер өз сатушыларын күтеді!