Ақылы жолдардың бағасы өсе ме? Министрлік жауап берді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ақылы жолдарға қатысты түсініктеме беріп, бағаның көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жолдарды күтіп ұстау, салу және қайта жаңарту – өте күрделі жұмыс. Біз салған нәрсені күтіп ұстауымыз керек. Сондықтан жолдар ақылы болып жатыр. Ақша соған жұмсалады", - деді Қайырбек Өскенбаев
Министрдің айтуынша, сапасы нашар жолдарға алым енгізілмейді.
"Стандартқа сай келмейтін жолдарға ешкім ақша талап етпейді. Ең қызығы, жүк көлігі жүргізушілері осы жолдармен жүреді. Бірнеше жыл бұрын бағаны көтеру мәселесі сөз болғанымен, жолдардың сапасы талапқа сай келмейтіндіктен, мәселе алынып тасталды. Ал жолдың бағасын көтеру жайы айтылып жатқан жоқ", - деп қосты министр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”