AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақылы трамплин": Түркістан облысындағы ақылы жолда ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен (видео)

Қызылорда-Шымкент ақылы тас жолында бетон плиталар ыстыққа шыдамай көтеріліп кеткен. Оқиға 8 маусымда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жол түркістан

Көлік жүргізушілері Төрткөл ауысының маңында жолдың асфальт-бетон жабындысының көтеріліп кеткен байқаған. Бұдан кейін жеңіл және жүк көліктері жолдың шетімен жүруге мәжбүр болған. 

"Қазавтожолда" оқиғаның Самара-Шымкент республикалық жолының бір бөлігінде болғанын мәлімдеді. 8 маусымда аймақта ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген. 



"17:00 шамасында ыстық ауа температурасы салдарынан цементбетон плиталар көтерілді. Қазір плиталар қалпына келтірілген. "ШымкентДорСтрой" мердігер компаниясы уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тас-құм қоспасы себіліп, асфальт-бетон жабындысы төселді. Жұмысқа 10 адам мен 5 арнайы технкиа жұмылдырылды", – деді компания өкілдері.

Сонымен қатар сәйкес жол белгілері орнатылған. Аймақта патруль полициялары жұмыс істейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр