Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақылға қонымсыз жағдай": Аshyq қосымшасы App Store-дан жоғалып кетті

Apple компаниясы Ashyq қосымшасын жасап шығарған бағдарламаушының аккаунтын уақытша бұғаттады. Ол абоненттік төлемді уақытында төлеcе де, шотқа байланбаған банктік шотты қолданған. Бұл қосымшаның автоматты түрде бұғатталуына әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір АҚШ-та түнгі уақыт, жауапты қызметкерлердің жұмысқа шығуы бойынша қосымша қалпына келтіріледі деп ойлаймын", - деп жазды ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов өзінің Facebook парақшасында.

Ол қазір Ashyq қосымшасының құқықтарын жеке бағдарламаушыдан министрлікке беру процесі жүріп жатқанын айтты.

Қазіргі уақытта қосымшаны Google Market-те жүктеуге болады. Ashyq-ты осыған дейін жүктеп үлгерген iOS қолданушылары оны пайдалануды жалғастыра алады.

"iOS қосымшаны жүктемеген, бірақ мекемеге кіргісі келетін пайдаланушылар да ЖСН арқылы кіре алады", - деп мәлімдеді Әсет Тұрысов.

Қосымша әзірлеушісі Виталий Пустовойтенко келеңсіздіктер үшін кешірім сұрады.

"Ashyq қосымшасы уақытша қолжетімсіз. Нақтырақ айтқанда, әзірлеушінің есептік жазбасы уақытша тоқтап тұр.
Жағдай ақылға қонымсыз, біз техникалық мәселелермен айналысып жүрген кезде бір мәселені естен шығарыппыз. 

Ashyq тіркелген AppStore есептік жазбасы бір адамға байланысты, ал біз абоненттік төлемді уақтылы төледік, бірақ басқа адамның картасынан. Алайда  осы жылдан бастап, Apple компаниясының жаңа ережелеріне сәйкес, жазылым ақысы төленетін банк картасы міндетті түрде шот иесіне тиесілі болуы керек. Жақын арада қосымша қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, қазір мемлекеттік органға қосымшаға құқықтарды беру процесі жүріп жатыр, Содан кейін мұндай жағдайлар туындамайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!", - деп жазды қосымша әзірлеушісі.

Еске салсақ, Ashyq қосымшасы App Store қызметінде жүктеуге болатын платформадан жоғалып кетті.

Назерке Мұса
Сәрсенбі, 05 Мамыр, 2021 13:36
Талқылау