Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ахметжан Есімов Қырғызстан президентінің ЭКСПО туралы “қызғанышына” жауап берді

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қырғыз басшысының шулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Безымянный Бұл туралы time.kz хабарлайды. Еске салсақ, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "Егер мен 3 млрд доллар құртатын болсам, онда мені тірідей өртеп жіберуші еді. Ал Қазақстанда халық билікті қолдайды. Шынымды айтсам, мен қызғанып отырмын" деген болатын. Осыған қатысты еліміздегі ресми тұлғалардың ешбірі пікір білдірмеді. Осы ретте Ахметжан Есімовтың аталған мәлімдемеге қатысты ойын білсек дедік. "Қырғыз халқының өз президенттерін не істейтінін мен білмеймін. Бізде президенттің бастамалары халық тарапынан үнемі қолдау табады. Ал негізінде мен өзім тікелей атсалысып жатқан ЭКСПО көрмесінің құрылыс жұмыстарына 3 миллиард доллар емес (Атамбаев дәл осы санды айтқан болатын), 1,3 миллиард доллар жұмсалды. Көріп отырғандарыңыздай, бұл ғимараттар өте сапалы тұрғызылған және алдағы бірнеше жыл бойы бұл нысандар ел игілігіне қызмет етеді, біздің мақтанышымыз болады. Қазіргі кезде демеушіліктен, билет сатылымынан, жалға алудан, жарнамадан, автотұрақтан түскен қаражат көлемі 70 миллиард доллар немесее 220 миллион долларды құрады. Сондықтан, Атамбаев мырзаның біздің көрме туралы айтқан ақпараты еш шындыққа жанаспайды", - деді Есімов. Оқи отырыңыз: Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады Жамбыл облысының әкімі ағылшыншаны жетік меңгергенін паш етті Бас полицей Қасымов «Қашқын министрлердің» жарысында бірінші орын алды Елбасы Татарстанға сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды
Талқылау