Әкесінің өлер алдында жалбаранып көмек сұрағынын қызы қалжың деп ойлап қалған
Ұлыбритания тұрғыны Камбоджада қайтыс болған әкесінің көмек сұрап жалбарынғанын әзіл деп қабылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
72 жастағы Мартин Линч қайтыс болғанға дейін төрт күн бойы Камбоджадағы үйінде еденде жатып, 29 жастағы қызы Дэннимен байланысуға тырысыпты. Қарт адам бронхопневмониядан және сегіз жыл бұрын болған қатерлі ісікке байланысты қатты тамақ жей алмайды екен.
Дэнни әкесінің WhatsApp мессенджерінен жіберген стикерлерді көріп, "жынданды" деп ойлаған. Ол бұл белгілер әкесінің жанайқайы екенін білмеген.
Хабарсыз кеткен Мартин табылып, ауруханаға түскеннен кейін, Дэнни әкесінің Лондонға оралуы және емделуі үшін қор ашып, ақша жинаған. Алайда әкесі қайтыс болды. Жиналған ақша Мартиннің денесін отанына тасымалдауға және күлін өртеуге жұмсалады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді