Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкесінің үкілеген үміті". Ләйлә Сұлтанқызы тұңғышын туған күнімен құттықтады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының үлкен ұлы Сағадат 16 жасқа толды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/sultankyzy

“Әкесінің үкілеген үміті, ізін жалғар ұрпағы, үлкен арманы, көзі, аманаты. Осыдан тура 16 жыл бұрын, ең алғаш маңдайыңнан иіскеп, бауырыма басып едім. Уақыт деген тез ғой, шіркін. 16 жас бала да емес, анау айтқандай ересек те емес, қызыққа толы жастық шағыңның кезеңі. Жаңа жасың жақсылыққа толсын, ұлым.
Ана жүрегі - баланың амандығын ғана тілейді. Өзің сияқты қашанда өмірің көркем, арманың биік, жолың ашық болғай.
Тек әр қуанышың мен жетістігіңді, жеке куәлік алып, оқу бітіргеніңді, шаңырақ көтеріп, үй болғаныңды әкең көре алмайды ғой деген жүректегі “әттеген-ай” болмаса...”, – деп жазды Ләйлә.

Ол Сағадатқа ақжарма тілегін арнап, марқұм күйеуін есіне алды.

“Көзімнің ағы мен қарасы, Сардар екеуіңе қолымнан келгенше дайым демеу болып, жол сілтеп, барымды беруге тырысамын. Бастысы- адамгершілігі мол, үлкен азамат болып өсе ғой, құлыным. Әкесі Сағадатты 18-інде үйлендіремін деуші еді. Мен “19-ға толғанда бір-ақ әкел келінді” деп отырмын (қалжың)”, – деді ол әзілдеп.

Желі қолданушылары да туған күн иесіне тілек айтып, жылы лебіздерін білдірді.

“Бәрі жақсы болады. Халқының қалаулы азаматы болсын”, “Өмірі ұзақ дені сау болсын!”, “Құтты болсын! Дені сау, дара, дана тұлға болсын”, “Болашағы жарқын болып, тек қуанта берсін”, “Алла ұзақ ғұмыр берсін. Аналық ақ тілегіңіз қабыл болсын”, – деп жазды желідегілер.

 

Талқылау