"Әкесінен аумайды": Алтынай Жорабаева бесінші қызын халыққа көрсетті
Танымал әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиінің фотосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Эстрада жұлдызы 2024 жылдың қаңтар айында бесінші қызын дүниеге әкеліп, Амина деп ат қойған еді.
“Әпкелері фотоға түсіріп жатыр. Негізі 7 қазанда жеті айға толған еді. Қолымыз тимей енді фотосессия жасап жатырмыз”, – деп жазды әнші.
-
"Шок болып отырмын": Алтынай Жорабаева қызына қатысты тағы бір жаңалықты жариялады
-
"Алғашқы жөргекпұлына ауызашар бердік": Алтынай Жорабаева қызын медресеге алып барды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәбиге бақытты балалық шақ тілеп жатыр.
“Көзін жауып тұрса да, әкесіне ұқсап тұр”, “Әкесінен аумайды”, “Жасыңа жас қосыла берсін”, “Алла тіл-көзден сақтасын”, “Кеше ғана туған еді, көп ұзамай бір жасқа толады”, “Алтынай ханым, қыздарың бақытыңды еселесін”, – деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, "Бұл қыз бақытыма жеткізді" деп Алтынай Жорабаева аналық арманының орындалғанын айтып, жан сырын ақтарған еді.