Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

43 жастағы әйел әкесі қайтыс болғаннан кейін сіңлілеріне қарап қалған. Яғни отбасында әкенің рөлін атқарған. Жасы келсе де, ол тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтып жатыр. Бұған әкесінің көп жыл бойы анасын қорлағаны себеп болса керек.

child-355176_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Әкем өте нашар адам болды. Ол анамды аяусыз ұратын. 21 жасымда қайтыс болып кетті. Бұдан кейін анам мен екі сіңіліме қарап қалдым. Қазір екі сіңілімінің бала-шағасымен бірге тұрамыз. Бір сіңілім күйеуімен ажырасып кеткен. Ал анамның екі аяғы істемейді. Туғалы көргенім тек азап болды. Қазір күйеуге шығуды да, бала тууды да армандамаймын. Уақытым өтіп кетті. Бала асырап та алғым келмейді.

Әкем қайтыс болғаннан кейін оқыған емеспін. Асханада жұмыс істедім. Үйде балалар шулап, кейде жүйкеме тиеді. Уақытында тұрмысқа шығып кетпегеніме ешкімді кінәламаймын. Бірақ кейде жалғыз шығып кеткім келеді. Әкемнің әпкесінің де тағдыры осыған ұқсас болған еді. Бәлкім сол кісіден көргенімді істеп жүрген шығармын. Мүмкіндік болса, өзгергім келеді. Жазыламын деген үміт бар. Үнемі үлкен жауапкершілікті сезініп тұрамын. Маманға барып қаралған емеспін”, – дейді Раушан ханым.

Студиядағы психолог Раушан ханымның әңгімесінен оның психологиялық жарақат алғанын байқады. Мұнымен қатар, 5-6 сеанстың өзінде ойын өзгертуге болатындығын жеткізді.

“Бұл жерде өзінің мойнына үлкен жауапкершілікті артып алған. Өзін тұлға ретінде санамайды. Сол себепті маманға міндетті түрде жолығу қажет. Бойыңыздағы сезімнен арылмайынша, осылай жалғаса беретін болады. Қазірдің өзінде ер адамнан қорқып отырсыз. Бала көтеріп, жауапкершілікті мойныңызға алғыңыз келмейді. Оның үстіне бала күніңізде психикалық соққы алғансыз. Ақыл-есі дұрыс адамды 10 жасқа келсе де өзгертуге болады. Әрине, бір шетінен сізді түсінемін. Көп жылдар бойы осы нәрсенің барлығы санаңызға сіңіп қалған. Десе де, толықтай жазылуға үміт бар”, – дейді психолог Венера ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау