Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Әнші Мәдина Сәдуақасова ұлы мен қос бірдей анасын ертіп Дубайға ұшып кетті. Алайда бұл сапарға оның жары Олжас Смағұлов бармаған. Ал әкесінен жыраққа кеткені үшін ұлы Әнуар анасына ренжіп қалған.

15802190_152556688569419_902250458544865280_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің айтуынша, Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан демалыс оның ұлына да, екі бірдей анасына да жақпаған. Әнуар әкесін сағынып көңілсіз жүрсе, әншінің анасы мен қайын енесінің қан қысымдары көтерілген. Осылайша қысқы демалысын шетелде өткізуге бел буған әнші әбден әуре-сарсаңға түскен.

Мәдина Сәдуақасова желіге әкесін сағынып, қабағы қатулы күйінде отырған ұлының видеосын жүктеді.

«Смағұлов мырзаның қабағы бір ашылмады.. Әкесіне деген үлкен маxаббаты мен сағынышын алысқа кетіп бірінші рет байқап тұрмын», – деген Сәдуақасова өзінің де таңғалып тұрғанын жасырмады.

Ал небәрі 10 сағат бұрын желіге жүктелген видеоны 150 мыңға жуық адам тамашалап, оның астына 1000-ға жуық пікір қалдырылған.

Көпшілік демалысқа беріле ойын ойнаудың орнына әкесін сағынған баланың қылығына тәнті болды.

Ал Мәдина Сәдуақасова демалыс сәттерін жариялады.

15875869_1947258655502016_7963251374060208128_n

15877558_1863075590643320_4745136441930022912_n15803669_543622685848512_1554161652956397568_n15877034_1066099146851510_3582202904699731968_n15877156_362978184074157_3934721966245675008_n

Талқылау