Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әкесі түрмеде”: Қостанай облысында тірідей өртеніп кеткен бес баланың отбасына қатысты деректер айтылды

Қостанай облысында өрттен бес кішкентай бала қаза тапқан еді. Облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенова отбасының жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ryhy басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Естеріңізге сала кетейік, өрт кезінде үйде бір жастан сегіз жас аралығындағы бес бала болған. Yй толығымен өртеніп кеткен.

Несібелі Бәсенованың айтуынша, балалар аз қамтылған отбасыда өскен.

"Отбасы аз қамтылған және әлеуметтік қолдау алып келген. Олардың АӘК, жәрдемақы және алимент алғаны анықталды. Мектеп жалпыға бірдей білім беру қорынан қолдау көрсетіп, балаларды тегін тамақтандырған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы достарының үйіне кеткен, ал әкелері түрмеде", – деді ол.


Алматы облысында анасы мүгедектігі бар баласын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді


Қайғылы оқиға орнында тергеу жүріп жатыр, отбасына барлық қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бас прокурор тергеуді жеке бақылауына алды.

Бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткен еді. Өртке оранған үйде 13, 8, 6, 7, 2, 1 жасар бес бала қалып қойған. 13 жастағы бала зардап шекпеген. Бас прокурор өрттің шығуына пештің қараусыз қалуы себеп болғанын айтты. 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Талқылау