Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі мен балаларының жағдайы өте ауыр: Алматы-Бішкек тасжолында жолапаты болды

Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан зардап шеккен үш адамның жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеп.

дтп

Жарақат алғандар таңғы 09.00-де Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Жансақтау бөлімінде жатқан олардың қазіргі жағдайы өте ауыр.

"Бір жастағы және 12 жастағы екі ер бала, сондай-ақ олардың 32 жастағы әкесі келіп түсті. Үлкен ұлы бас-ми жарақатының ауыр түрімен келіп түскен. Оған ота жасалды, бірақ қазір комада жатыр. Кіші балада да мидың зақымдануы, сондай-ақ оң сан сүйегінің үштен бір бөлігінің ығысуы анықталған. Әкесінде көкбауырдың жарылуы, іштің ауыр жарақаты, сондай-ақ бас сүйек-ми жарақаты бар. Оның жағдайы бір қалыпты болғанмен, ауыр хәлде", - дейді аурухана қызметкерлері.

дтп

Соңғы ақпараттарға сай дәрігерлер балаларға ота жасауға кіріскен. 

Естеріңізге сала кетейік, 13 тамыз күні таңертең Тарғап және Самсы ауылдары арасында қайғылы оқиға орын алған болатын. Mazda 626 автокөлігі қаладан 84 шақырым жерде Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында бес адам қаза тапқан еді. Олардың ішінде үш бала бар. Ең кішісі төрт жаста еді.

Талқылау